Шымкент қаласы Қаратау ауданы Анламас ата және Қарабура әулие мешіттерінің әйел-қыздар бөлімінде жыл бойы ДСАК жүйелі түрде өтуде. Онымен қоса түрлі іс-шаралар,  жарыстар, қайырымдылықтар өтті. Міне бүгін өткен жылда атқарған іс-шараларға арнап шүкіршілік отырысы өтті. Бұл отырыста Құран оқылып, еліміздің тыныштығы үшін дұға етіліп, бағышталды.
Бұл кешке қонақ келген Әл-Азхар университетінің түлегі, қари-хафиз Жакейхан Зоя ұстаз бен «Фурқан» онлайн қарилер мектебін қалаушы, Байғұт баба мешітінің ұстазы Омарова Гүлжан ұстаз уағыз насихаттарын айтып, отырған жамағатты тағы көбірек хайыр-хасанат жасауға, ілім алуға, еліміздің дамуына үлес қосуға шабыттандырды.
Бұл іс-шараның ұйымдастырушысы екі мешіттің шәкірттері сұрақ-жауап интектуалды ойынын ұйымдастырып, ойынға қатысқан белсенділерге сыйлықтар таратты.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38