ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінде мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасыларға азық-түлікпен қайырымдылық үлестірілді.
Қайырымдылық шараға орталық мешіттің найб имамы, Әл-Фараби ауданы бойынша куратор Мұсабек Ақтамберді имам және «Ордабасы» мешітінің ұжымы мен «Әжелер» мектебі қажы апаларымыз қатысты.
Шара барысында Мусабек қажы Ақтамберді сөз сөйлеп, көмек берушілер мен көмек алушыларға қайырымдылықтың сауабы жөнінде насихат айтты. Сондай-ақ, ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» қайырымдылық қорының жасап жатқан елеулі еңбектері туралы да айтып өтті.
Алла Тағала мол сауаптар жазсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі