Ізгі әйел – күйеуінің жердегі жұмағындай. Атақты Сүйінбай ақын: «Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай» деп әйел затына айрықша баға берген.
Асыл дінімізде ізгі әйелдің иманы терең, құлшылығы мол болады. Бүгін Шымкент қаласы Исамиддин баба мешіті қыз-келіншектері “Ізгі әйелдер ізімен” атты рухани кездесу жасады. Кездесу барысында Пайғамбарымызға өмірлік серік болған Хадиша анамыз, Айша, Умму Сәлама секілді аналарымыздан, берісі ұлт перзенттерін бауырына басып өсірген Зере, Айғаным, Ұлжан секілді әйгілі аналарымыздың ізгі қасиеттері жайында сөз болды.
Алла баршамызға ізгі әйелдер қатарынан болуымызды нәсіп етсін.