Шымкент қаласы, Қаратау аудандық Байғұт баба мешітінде әйел-қыздар секторы жамағатына «Иманыңды қуатта» атты 3 айлық діни сауат ашу курсы аяқталып, курсты бітірушілерге сертификат табысталды. Аталмыш шараны Қаратау ауданының бас имамы Желеуов Дастан имам сөз бастап, өз тілегі мен білімнің артықшылығы туралы насихат айтты.

   Бұл діни сауат ашу курсына әр 3 ай сайын кемінде 65 шәкірт оқып, емтихан тапсыру арқылы сертификат алады. Үздік оқыған шәкірттер ерекше аталып, ұстаздар тарапынан сыйлықтарға ие болады. Солардың бірі 3 айлық курсты тамамдаған қыздарымыздың біріне УМРА сапары сыйға берілді.

  Шәкірттерімізде осы ұйымдастырылған шараға дән риза болып, мешіт имамдары мен ұстаздарға разылықтарын білдіріп, алғыс сөздерін айтты және Байғұт баба мешіт ұжымына қасиетті мекен, қасиетті Қағбаның суреті бар үлкен суретті сыйға тартты.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38