Ақпан айының 01-ші жұлдызы күні «Шардара» орталық мешітінің ұстазы Мұхтар Ханзадаевтың  ұйымдастыруымен  дәріс алушы шәкірттер арасында пайғамбарымыз (с.а.с) өмір тарихы бойынша жарыс  өтті. Жарыс қорытындысы бойынша шәкірттер аудан имамының Алғыс хатымен марапатталып, I-орынды иеленген Қайрат Төребаевқа Құран Кәрім 5000 т, II- орын Ерлан Сапарға негізгі діни мағлұматтар 3000 т, III-орын Түймебайға Құран Кәрімнің 30-шы парасының тәпсір кітабы 2000 тенге сыйлық ретінде берілді. Жарысқа қатысқан барша шәкірттерге ынталандыру сыйлық ретінде кітапшалар үлестірілді.

                                  

«Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий