Шымкент қаласы , Қаратау ауданы, Байғұт баба мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Мүлк сүресін жастар арасында жатқа , апалар арасында Мәнерлер оқудан жарыс өтті. Сонымен қатар аталмыш мешіттің шәкірттері арасынан Әліппе мен Ережелерді толық меңгеріп Құранға түскен шәкірттерге Тәж кигізу рәсімі өтті. Жарысқа бас аяғы мешіт шәкірттер арасынан 20 шәкірт қатысып жүлделі орындарға ие болды. Жарысқа қатысушыларға мешіт атынан сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды. Іс-шараны ұйымдастырушы ұстаз Гүлжан Нұрланқызы және мешіт шәкірттері мен оқырмандар клубының белсенді жастары. Барша атсалысқан жандарға Алла разы болсын, отбасыларына береке берсін деп тілейміз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі