Шымкент қаласы орталық Ақмешіт мешітінің жанынан ұйымдастырылған @jannat_bagy қыз-келіншектер ұжымы кезекті рухани кешті ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с. ) сабыры жайында өткізді. Негізгі тақырыпты  Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан ұстаз жүргізді. «Сабыр еткен, стресс етпес» тақырыбында нутрициолог, дәрігер маманы Есжанова Нурила   ханым өткізді.
Және келген қонақтарды сұрақ-жауап ойынымен сергітіп сыйлықтар таратылды. Рухани кеште берекелі дастархан басында Құран оқылып ақ жаулықты әжелердің батасымен аяқталды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38