Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешіті әйел-қыздар бөлімінде Алланың көркем есімдерін мағынасымен жаттаудан сайыс өтті. Сайыс жазғы ДСАК шәкірттер арасында болып, оған 6-15 жас аралығындағы 66 қыз балалар қатысты. Алланың көркем есімдерін мағынасымен жаттап және оны еш кідірмей айтып берген Тыныштық Мариям және Абдукаримова Жанерке бірінші орын иеленді. Екінші орынды: Сейтбек Шұғыла, Бауыржан Мариям иеленді. Үшінші орынды Әлі Раян, Али-Айдар Амира иеленді. Сайыс соңында демеушілер тарапанын қатысушы барлық қыздарға сыйлықтар үлестірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі