Бүгін Шымкент қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің ұйытқы болуымен  «Имани жаз» оқу-ағарту бағдарламасы аясында тәлім алушы шәкірттер Шымкент қаласында «Шым қала» тарихи-мәдени кешеніне саяхат жасады.

Негізгі  мақсат – жас шәкірттерімізге діни іліммен қатар,  қала тарихы, тарихи таным,  дін мен дәстүр, өлкетану т.б. мәдениетімізді жас бүлдіршін санасына сіру һәм дәріптеу болып саналады. 

Тұңғыш ұйымдастырылған шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің өкілі Мұхамеджан Естеміров, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай т.б. ұстаздар мен «Имани жаз» оқу-ағарту бағдарламасы аясында тәлім алушы 200 шәкірт қатысты.

Айта кетсек, ҚМДБ-ның қолға алып отырған салаларының бірі һәм бірегейі отандық туризм саласын дамыту, киелі орындарды насихаттау мақсатында «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімі жұмыс жасап келеді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38