Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен Түркия дін істер басқармасы арасында келісім негізінде еліміздің діни оқу орындарын үздік бітірген шәкірттерді әрі қарай діни білімдерін тереңдетіп оқыту үшін, діни кадр әлеуетін күшейту мақсатында Түркиядағы «Хасеки» Ислам академиясына шәкірттерге жолдамалар беріліп келеді.
Осы оқу ордасына «Шымкент» медресе-колледжінің түлегі, бүгінде «Хасеки» Ислам академиясының студенті Каров Алим қари еліміздің мақтаныша айналуда. Алим қари өзінің зеректігімен оқуда озат, үлгілі шәкірт, ең үлкен нығмет қасиетті Құран Кәрімді толық жаттап, қари атанды.
Алим қари Каров өзі студент болса да, оқу ордасының ұлағатты ұстаздары риза болып қасиетті Рамазан айында Қожаелі облысы, Измит қаласы Башискеле елді мекендегі «Қара Османұлы» мешіті мен Сакария қаласы «Язлы» мешітінде тарауих намазында Хатым Құран оқып еліміздің абыройын асқақтатып жіберді. Мешіт жамағаттары шәкіртімізге риза болып, елімізге алғыстарын жолдауда.
Үздік шәкіртіміз ҚМДБ Түркиядағы «Талаба» студенттер қауымдастығының еріктілер командасын бірлесе Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақта ерікті ретінде қызмет атқарды. Осындай жұмыстарын ескеріп үздік шәкірттерімізге Қазақстан Республикасының Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев тарапынан алғыс хатпен мараптталды.
Осындай үлгілі шәкірттеріміздің діни білімдері артып, еліміздің руханиятына үлес қоса берсін. Алла Тағала құтты етсін!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі