Бүгін Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы,  Елтай елді-мекені  «Наурыз» алаңында ҚМДБ-ның дін мен дәстүр бағыты аясында «60 жаста Алланың разылығы үшін 60 игі іс атқару!» атты дәстүрлі турнир ұйымдастырылды.

Айтулы рухани танымдық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахмановтың құттықтау сәлемін Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы Мұхамеджан Естеміров жеткізіп, рухани шараға сәттілік тіледі.

Аталмыш шараға Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Ербосын Орын,  «Елтай» мешітінің бас имамы  Ермахан Хусенұлы және  Германия, Оңтүстік Корея, Қытай және т,б, елден қонақтар қатысты.

Игі шара барысында  ләнгі тебу, асық ату,  5 метрлік шыңға шығу, «Дзюдо», кіртасын көтеру,  арқан тарту, қол күрес,  қошқар көтеру және ұлттық киім конкурстары ұйымдастырылды. Барлық қатысугыларға демеушілік тарапынан сыйлықтар табысталды.

Айта кетсек, игі шара себепкер болған ауылдың тумасы «АШК» компаниясының басшысы әрі осы ауылдың тумасы Есімхан Жаңабаевтың 60 жылдық мерейтойы аясында өткізілді. Алла Тағала разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38