Шымкент қаласы Қаратау ауданы Мухаммад-Нұр мешітінің әйел-қыздар жамағаты арасында Рамазан айы бойы зікір жарысы өтті. Міне бүгін осы зікір жарысына қатысқан баршасына алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.
Осы рамазанда   бұл мешітте 60 хатым түсірілді, зікір, салауат сайысы өтті,  ауызашарлар берілді, садақалар т.б. шаралар өтті. Осы шаралардың ең ерекшесі отбасылық сайыс еді. Осы Рамазанда отбасымен атсалысқан үш отбасы марапатталып, әр отбасыға күміс әшекей топтамасы сыйға тартылды.
Міне бүгін осындай жақсылықтардың құрметіне ас беріліп, Құран оқылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38