Ораза айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке. Сауаптар еселеніп жазылатын берекелі мерекеде көңілі жабырқау жандардың жүрегіне қуаныш мақсатында “Айттық бізден” іс-шарасын Шымкент қаласы Исамиддин баба мешіті Sakina – қыз-келіншектер ұжымы ұйымдастырды.
Нәтижесінде 40 – асыраушысынан айырылған отбасы балаларына айттық тәттілер таратылды.
Қайырымдылық іс-шара аясында көмек көрсетіп демеушілік жасаған барша әйел жамағатына алғыс білдіреміз. Айтан-айтқа аман-есен жете берейік.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі