«Ислам жолы» мешітінде Қадыр кешінде 150 адамға ауызашар дастарханы жайылып, тарауих намазы соңынан хатым Құран оқылып дұғасы жасалды. Қариларымызға Шымкент қаласының бас имамы Бағдаулет қажы ағамыздың алғыс хаттары табысталды. Сұрақ-жауап ұйымдастырылып демеушілердің ықпалымен 30 кісіге 5000 теңгеден силық үлестірілді. Жамағат болып тасбих намазы оқылып 150 адамға сәресі дастарханы жайылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі»