ҚМДБ Шымкент қаласы бас имамы Бағдәулет қажы Нұрматұлы бастамалары аясында “Д.А.Қонаев” мешітінде ауызашар дастарқаны жайылып 400 ге тарта адам ауыз ашты. Сондай-ақ, мешітімізде Рамазан айына байланысты “Хожамат ата” мешіті шәкірттерімен бірге әйел-қыздар секторы арасында әйел ұстаз М. Түстікбайқызы ұйымдастыруымен “Қош келдің – Рамазан” атты үйлерін сәндеру жарысы болып өтті. Орын иеленген бес әйелге арнайы тарту таралғылар ұсынылды. Және де мешітімізде әйел-қыздар секторы ұстазы ұйымдастыруымен “Ақ жаулығым – ар ұятым” атты іс-шара өткізіп балиғат жасына толған бес қыздың басына жаулық жабылды. Әрі арнайы си-сияпаттар жасалды. Шараның соңында көркем үгіт-насиқаттар жүргізілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі