Шымкент қаласы Тұран ауданы «Қождан ата» мешітінде әйел-қыздарға ауызашар дастарханы жайылды. Ауызашарға Шымкент қаласының әйел-қыздар сектор жетекшісі Досжанова Балжан ұстаз Рамазанның қадір-қасиеті жайлы уағыз-насихат айтты. Қала мешіттерінен басқа да ұстаздар қонаққа шақырылды.
Жиын барысында қонақтармен қызықты ойындар ойнатылып, түрлі сыйлықтар үлестірілді. Мешіт шәкірттері Құран хатым оқып, ауызашар соңында Қождан ата мешітінің жанынан соғылып жатқан медресе құрылысына барлық әйел-қыздар жаппай қайрымдылық жасалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі