Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Жұмабекұлы Асылов Шымкент орталық мешітінің тыныс-тіршілігімен танысу үшін келді. Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов мәртебелі қонаққа ҚМДБ-ның 2023 жылы бекіткен бес бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын жан-жақты баяндады. Мұнымен қатар, орталық мешіт жанынан ашылған «Қажылық орталығы», «Мұнара тв» телеарнасының студиясы, «Яссауи дүниесі» орталығы жұмыстары таныстырылды. Айта кетсек, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Жұмабекұлы руханият саласында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, ризалығын білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі