Қасиетті Рамазан айының басталуымен ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты  мешіт имамдары мен зиялы қауым өкілдерінен құрылған арнайы түсіндіру тобы  «Рамазан айын арақ-шарапсыз өткізейік» атты рухани бастамаға үнқатыға шақырды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді,  Мұхамеджан Естеміров, қала имамының кеңесшісі Бекайдар қажы Төлжанұлы,  қалалық  «Зекет және қайырымдылық» қоры мен жастар ісі секторының жетекшісі, Абай, Әл-Фараби,  Еңбекші, Қаратау және Тұран аудан имамдарының имамдары қатысты.

Осы тұста, журында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша еліміздің кәсіпкерлеріне қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса деген үндеуіне қолдау көрсетуге шақыру болып саналады.

Айта кетсек, өткен жылы Шымкент қаласындағы зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, асабалар мен имамдар бірауыздан «Шымкент – арақ-шараптан ада шаһар» атты бастама көтерген болатын. Бүгінде өз жемісін беріп келеді. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38