Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «Сейіткәрім Қажы» атындағы мешітімізде 24.12.2022 жылы оқуда озат,тәртібімен үлгілі болған шәкірттеріміздің әліппені тәмамдап ,Қасиетті Құран Кәрімді оқуда ерекше ынта мен ықылас танытқандарына байланысты «Құраным асыл тәжім» атты іс-шара өткізілді.
Бұл салтанатта «Сейіткәрім Қажы» мешітінің наиб-имамы Дариев Алдияр Жанаділұлы келген қонақтарға,шәкірттерге Қасиетті Құранды оқудың маңыздылығы жайында уағыз-насихат айтып ,8 шәкірті мізге өз қолымен алғыс хаттарымен марапаттады,мешіттің әйелдер-қыздар бөлімінің ұстазы Жамалова Мираж шәкірттердің бастарына тәж тағып, Қасиетті Құран Кәрім кітаптарын сыйға тартты.
Марапатталған шәкірттеріміздің жасы ең үлкені 63 жастағы Клара Қажы әжеміз болса,ал жасы ең кіші шәкіртіміз 8 жастағы Әмина Қажы болды.
Қажы әжеміз Құран Кәрімнен «Фатиха»,»Ықылас « сүрелерін оқып ,дұға етіп салтанатты кешімізді ашып берсе, кішкентай шәкірттеріміз «Кәусәр»мен «Ықылас» сүрелерін айтып кешімізді аяқтады.
Жиналған жамағатымызға Құран жайында викториналық сұрақтар қойылып,сыйлықтар тарту етілді.Соңында баршасына дастархан жайылып ,ас берілді,ғибратты оқиғалар мен уағыз-насихаттар айтылды.
Алланың Мейірімімен қазақ елімізде Қасиетті Құранымызды қастерлейтін,Құран жолымен жүретін бауырларымыз көбейсін,Ақыретте ата-аналарына алтыннан тәж кигізер ұрпақтардан болсын.
Бүгінгі осындай іс-шараға атсалысқан әр-біріңізге Аллаһ разы болсын.Әмин.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі