Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы Айқап мешіті Әйел-қыздар бөлімінің ұйымдастыруымен мәуліт айының құрметіне ардақты пайғамбарымыздыға (صل الله عليه وسلم) сағыныш хатын жазу сайысы өткізілді. Сайысқа Шымкент қаласы бойынша қыз-келіншектер, апаларымыз да қатысты. Жүлделі орынға қазіргі зейнеткер, 40 жыл бойы мектепте шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз Раманқұл Гүлнар Әлімқұлқызы иеленді. Гүлнар апамыз өзінің хатында пайғамбарымызға (صل الله عليه وسلم) деген жүрек жарды сағынышын, қазіргі үмметтің халін, пайғамбарымыздың (صل الله عليه وسلم) үмметі үшін жасаған жанқиярлығын, махаббатын жазып өтті. Сонымен қоса өзінің Умра сапарына барғандағы Мәдина қаласында Пайғамбарымыздың (صل الله عليه وسلم) мешітінде өзіне сәлем беруге кіріп, сол жерде сезінгендерін білдіріп, хатында бөлісіп және тағы да баруды, сәлемдесуді аңсағанын жазып өткен. Гүлнар апамызға берілген сыйлықпен қоса Айқап мешітінің ұйымдастыруымен «Millionire » мейрамханасында өткен Мәуліт кешінде қонақ етілді.
Апамыз хатын осы кеште келген қонақтарға оқып беріп, тыңдармандардың жүрегін елжіретіп , көз жасқа шомдырды. Ұлы Раббымыз Гүлнар апамыздың сағыныш хатын сүйікті пайғамбарымызға жеткізіп баршамыздың жүрегіміздегі Алла және Расуліне деген сағаныш махаббатты арттырып, жаннатта көршісі болуды нәсіп етсін!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі