ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты «Әйел-қыздар» секторының ұйытқы болуымен қалалық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында дін мен дәстүр сабақтастығы һәм әйел ұстаздарға арналған рухани шара ұйымдастырылды. Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың құттықтау сәлемін жеткізу үшін Әл-Фараби аудан бас имамы Ахметжан Керімбек арнайы қатысып, дәріс оқыды. Рухани шараны Самат Анарбаев пен «Байғұт баба» мешітінің білікті ұстазы Гүлжан Нұрланқызы жүргізіп, уағыз-насихат сөзімен жалғасыты. Рухани кеш барысында сахналық қойылымдар, діни ән-терме орындалып, бейнероликтер көрсетілді. Рухани шара барысында Шымкент қаласындағы барлық әйел ұстаздарға өкілдіктің алғыс хаты табысталды. Және ең үздік үш ұстазға қасиетті Мекке-Мадине шаһарына ұмра қажылығының жолдамасы табыс етілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі