Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде айрықша марапаттау шара ұйымдастырылды. Асыл дініміздің өркендеуіне және білікті діни мамандарды қызмет пен қамтамасыз етіп жүрген Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов пен Әл-Фараби аудан бас имамы Ахметжан Керімбек Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағанбетовтың арнайы ризашылық білдірген алғыс хаты табысталды. Министрдің алғыс хатын «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай табыс етіп, қызметтеріне сәттілік тіледі. Айта кетсек, биылғы жылы Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Шымкент» медресе-колледжіне 200 грант бөлінген болатын.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі