Шымкент қаласы Қаратау ауданы Қарабура әулие мешіті  Әйел-қыздар бөлімінің ұйымдастыруымен «Бір мешіт, бір жамағат, бір үммет!» ұранымен Анламас ата мешітінің әйелдер жамағатымен бірлесе отырып бауырластық кешін өткізді.
Екі мешіт шәкірттері бір-бірлеріне сыйлық сыйлап, арадағы бауырмалдылықты арттыратын жылы лебіздерін біллірді. Кеш барысында осы мешіт ұстазы Нұргүл Амангелді ұстаз бауырмашылдық жайлы уағыз насихаттарын айтып,  діни мәселелерге байланысты түрлі сұрақтарға және әйел жамағатына қатысты сұрақтарға жауап берді.
Кеш соңында Жұма күнінің құрметіне дастархан жайылып, уағыз-насихат айтылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38