Шымкент қаласы Қаратау ауданы, «Ибрагим ата» мешітінің ұйымдастыруымен қайрымдылық шарасы болды. Шара барысында көмекке мұқтаж 10 отбасыға азық-түлік және ет үлестірілді. Осындай игі шараға себепші болаған кісілерге Алла тағала разы болсын. Алла Тағала:«Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған. Жаратқан иеміз көптеген аяттарында мұсылмандарға қарата: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни, о дүниеде тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)» («Хаж» сүресі, 77-аят), «(Кімге) қандай жақсылық жасаған болсаңдар, Алла тағала оны шүбәсіз біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят), «Жақсылық атаулының қайсыбірін істесеңдер де, Алла тағала оны міндетті түрде біледі» («Бақара» сүресі, 197-аят), «Кімде-кім мысқалдай (тозаңның салмағындай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады» («Зілзала» сүресі, 7-аят) деген.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі