Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) – бүкіл әлемге жіберілген Алланың соңғы Елшісі. Оны тану, әдебін ұстану әрбір мұсылманның борышы.
Осыған орай Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Исамиддин баба мешіті және “Сакина” қыз-келіншектер клубы Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған айы құрметіне Мәуліт кешін өткізді. Рухани кешті Шымкент қаласының бас имамы орынбасары Мұсабек Ақтамберді және мешітіміздің бас имамы Ербосын Бетұрсынұлы өздерінің ақтілегімен ашты.
Ықылас қарилар орталығының ұстазы Садиков Камилжон мәуліт жырын оқып, салауат жолдады. Кештің барысында Қаратау дәстүрлі өнер мектебі оқушылары және Шымкент куыршақ театры актерлері Пайғамбар өмірінен өнегелі қойылымдар көрсетті. Жиналған көпшілікке сұрақтар қойылып, сыйлықтар тарту етілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі