Қасиетті Мәуліт айының келуі барша мұсылман үшін ардақты уақыт. Бұл айда Алланың сүйікті құлы, Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымызға арнап Мәуліт дұғасы оқылып, түрлі игі іс шаралар атқарылып жатыр. Осы тұста ҚМДБ Шымкент қаласы, Абай ауданы, «Масжидур Рохман» мешітінің ұйымдастыруымен,  Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымызға сағыныш атты мәуліт кеші өтті. Сондай-ақ,  аталмыш іс шараға, ұстаздарымыз Естеміров Мұхамеджан, Бекайдар Әмре және Аметжан Керімбек келіп, жамағатқа уағыз айтып, көпшілікке пайдалы насихат жасады. Мәуліт кешіне «Масжидур Рохман» мешітінің жамағаты және қажы апаларымыз қатысты. Дастарқан басында Батырхан қари мәуліт жырын оқып Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымызға салауат сәлем айтылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38