Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты «Атамекен» мешітінде «Адамзаттың асыл тәжі» атты мәуліт кеші өтті. Ең алдымен мешіт имамы Әбжәлел Нұрсұлтан имам жиналған жамағатты мәуліт айымен құттықтап, келген қонақтармен таныстырып, уағыз-насихат айтты. «Сайрам жами» мешітінің имамы Мухиддинов Салахаддин Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) үмбетіне деген махабаты жайында уағыз айтты. Сайрам мешітінің наиб имам Уалиханұлы Саруархан ұстаз Пайғамбарымызға (с.ғ.с) ерудің артықшылығы жайында уағыз насихат айтып, мәуліт жырын оқыды. Қадірлі қонақтарымыздың қатарынан «Мухаммад Нұр» мешітінің имамы Жохонгир Ирисматов пен «Әділ Омар» мешітінің имамы Абенов Данияр имамдарда табылды. Баршаңызға Алла разы болсын. Мәуліт мүбәрәк болсын.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38