Шымкент қаласы Абай ауданы Қождан ата мешітінің ұстазы Асем Аязалиқызының ұйымдастырумен Шымкент медресесі, қыздар бөлімінде спорттық жарыстар өтті.
Жарысқа тек бойжеткендерден тұратын 3 топ қатысты. Шымкент медресе колледжі (қыздар бөлімінен) «Томирис» тобы. Қождан ата мешітінен «»Айша бибі» тобы. Шейх Мұхаммед Садық мешітінен «Айғаным» тобы қатысты.
Жарыс үш турдан тұрды.
Бірінші тур эстафеталық ойындар. Бұл турда Томирис тобы топ жарып, екі мешіттің «Айғаным және Айша бибі» топтары бірдей нәтиже көрсетті.
Екінші тур волейбол ойнаудан өтті. Бұл сайыстан да Томирис тобы біріншілікті алды.
Үшінші тур қашықтыққа жүгіруден өтті.

Жалпы жарыстың нәтижесі:
Шымкент медресе колледжінің «Томирис» тобы – бірінші орын.
Шейх Мұхаммед Садық мешіті «Айғаным» тобы – екінші орын.
Қождан ата мешіті «Айша бибі» тобы үшінші орынды иеленді. Жарыс соңында барлық қатысушыларға Шымкент медресе колледжі ұстаздары тарапынан сый-сияпаттар тарту етілді.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38