Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Концептуалды құжаттарды насихаттау мәселелері» атты діни семинары ұйымдастырылды.

Семинар жұмысы қасиетті  Құран оқумен басталды. Игі басқосуды Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов ашып, жүрізіп, арнайы хабарлама жасады.  Осыдан кейін, найб имам – сала бойынша жетекші мамандар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, Ахметжан Керімбек, қалалық «Әдеп» кеңесінің жетекшісі Бекайдар Әміре, ҚМДБ-ның  РАНТ мүшесі Дастан Сүлейұлы мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі айбек Азимбаев, қалалық «Шариғат және пәтуа» бөлімінің өкілі Исламқұл Иманқұлұлы арнайы баяндама оқыды.

Мұнымен қатар, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ тарапынан қабылданған құжаттарды түсініп, күнделікті уағыздар мен кездесулерде пайдалануды,  жан-жақты насихаттауды және алдағы төрт айда атқарылатын жұмыс жоспарын таныстырып, нақты тапсырмалар берді.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38