Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Исамиддин баба мешіті жанынан ашылған “Сакина” @sakina_club қыз-келіншектер клубы  “Aidana Plaza” қонақүйі конференция залында “Хадис айтып – Хадия ал”  сайысын өткізді. 
 
Осы кешке каламыздың 60-қа жуық қыз-келіншектері қатысты. Олар өз арасында “Әйелдерге қатысты 30 хадис” кітабы бойынша хадистерді жатқа айтып сынға түсті. 
Әйелдерге қатысты рухани тақырыпта әйел-қыздар секторы Балжан Досжанова  уағыз айтса, осы мешіт ұстазы Гүлжан Сыдықова бірқатар хадистердің түсіндірмесін жасады. 
 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38