Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қаратау ауданы «Аңламас ата» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ Республикалық байқауына іріктеу сайысы өтті. Игі шараны Шымкент қаласының бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Құран сайысының әділқазылар құрамында белгілі ұстаз Кәмілжан қари Юлдашұлы, «Ықылас» қарилар орталығының директоры Ықылас қари Майлан, Нұрсұлтан қари  Мамедалиев және Омар қари Сәлімбековтар қатысып, төрелік етті. Ал сайысты шаһар бас имам орынбасары  дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров пен  Исламқұл Иманқұлұлы жүргізді.  

Құранды нақышына келтіріп оқып, жеңімпаз атанғандар номинациялар бойынша марапатталды.  Жалпы Құран сайысына 70 қари қатысты. 

Толық Құранды жатқа оқу бойынша жүлделі орын иегерлері:

1-орын Әбдіқадіров Гиесжан;

2-орын Әбдусаттар Умайр;

3-орын Еркінов Умар.

          Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша:

1-орын Мырзахмет Махмуд;

2-орын Ғылман Мұхаммед;

3-орын Эминтаев Асадулла.

          Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:

1-орын Қайрат Сәрсенғали;

2-орын Шерханов Еркебұлан;

3-орын Азанханов Сардарбек.

          Құранды мәнерлеп оқу бойынша:

1-орын Сағындық Ерасыл;

2-орын Қамбар Есенбеков;

3-орын Әлібай Нұрислам. 

          Шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы жүлдегерлерге қаржылай сый-сыяпаты мен алғысхатын  табыстап, барлық қатысушыларға алғысын жеткізіп, төрт аталым бойынша бірінші орын алған жеңімпаздарға республикалық байқауға жолдама берілді. Сондай-ақ, игі шараға қаржылай қолдау көрсеткен  азаматтарға алғыс білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38