Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай кажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмасына орай, Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының нұсқауымен «Дін мен дәстүр» бағыты бастамасымен және Әл-фараби аудандық «Абдулхамит Қаттани» мешіті ұжымының ұйымдастыруымен «Дархан дала» жобасын негізге алып, имам Ахметжан Керімбектің қатысуымен аудандық мешіт ұжымы мен «Әжелер» мектебінен бір топ (жалпы 30-ға жуық) қажы апалармен Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында орналасқан киелі мекендері Домалақ ана кесенесі, Ақмешіт әулие үңгірі және «Аппақ ишан» мешіт-медресесі музейін зиярат жасап қайтты. Сауапты сапар кезінде зиярат жасау әдебі, қажылық сапары және дін мен дәстүр тақырыбында уағыздар айтылды.
Шаян ауылында зиярат жасаушыларға арнап дастархан жайылып, дәм берілді. Соңынан Құран оқылып, бата жасалды. Алла қабыл етсін!

  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38