Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжінде 2022-2023 жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті.

Талапкерлерден емтихан алған арнайы комиссия құрамында ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлім меңгерушісі Смайыл Сейтбеков (төраға), Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов,  Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, медресе-колледж директоры Талғат Әсембай болды.

Айта кетейік, аталмыш оқу ордасына 280 талапкер емтиханға қатысып, нәтижесінде комиссияның шешімімен 244 талапкер оқуға қабылданды.

  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38