Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Anlamas ata» мешітінің шәкірттері (қыз-келіншектері) арасында  пайғамбарымыздың (с.а.у.)өмірін (сира) оқып тану бойынша «АДАМЗАТТЫҢ АРДАҚТЫСЫ» атты сайыс өткізілді. Сайыс «Адамзаттың асыл тәжі» кітабының негізінде өткізілді. Аталған сайысқа 14 шәкірт қатысты. Қатысушылар алғыс хаттармен және де түрлі сый-сыяпаттармен марапатталды. Соның ішінде жүлделі 3-орынды (үтік) Жетпіс Кәусар, жүлделі 2-орынды (фен) Нағым Ақбөбек, ал 1- орынды (сушилка) Ұлықбек Меруерт пен Шабданбек Тоғжан қыздарымыз иемденді. Сайыстан соң мерекелік дастархан жайылды. Аталған сайысқа атсалысқан барша жаны жомарт жандарға,мешіт ұжымына, шәкірттерімізге алғысымызды білдіреміз!!! Алла Тағала 2 дүниенің бар жақсылығын нәсіп еткей!

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38