Шымкент қаласы бойынша өкілдігі ҚМДБ-ның бастамасына орай республикалық «Раббың үшін Құрбан шал» қайырымдылық шарасы өтті. Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, қала бас имам орынбасарлары Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» мекемесінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев, қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков және аудан бас имамдары, ерікті азаматтар қатысты. Жалпы, қасиетті Құрбан айттың екінші күнінің қорытындысы бойынша тізімге енген, көпбалалы және аса мұқтаж 536 отбасыға ет үлестірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі