Бүгін Шымкент қаласы бойынша барлық мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылды. Шаһардың бас мешітінде өткен айт намазын Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы  жүргізіп, әуелі ҚМДБ-ның Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау лебізін жиналған жамағатқа жеткізді. Құрбан айт намазына Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері қатысып, айт меркесімен құттықтады.

Шаһардың бас мешітіндегі айт намазы жоғары деңгейде айт намазын оқылып, қасиетті Құран хатым арнайы бағышталып, елдің бірлігі мен ынтымағына дұға етілді.

Осыдан кейін,  мешіт ауласында  «Дін мен дәстүр» атты дәстүрлі спорттық ойын түрлерінен, яғни кір тасын көтеру, арқан тарту, қол күрес  сынды мерекелік шара ұйымдастырылды. Игі шараны қала бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров ашып, жүргізді.   

Дәл осындай рухани мерекелік шара  қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбек пен қалалық «Зекет және қайырымдылық»  қорының өкілдерінің ұйытқы болуымен бірнеше мешіттерде жалғасып тапты.  Жарыс соңында жеңімпаздарға  өкілдіктің арнайы дипломы мен кәде-сыйлықтары табыс етілді.            Ал, «Айттық сый», «Айт тәттісі» атты қайырымдылық шарасы барысында  қалалық «Әйел-қыздар» секторына қарасты ұстаздар мен әжелеріміз  жиналған қаламыздың тұрғындарына түрлі тәттілер мен баурсақ ұсынды.          

Айта кетсек,  www.qurban2022.kz сайты арқылы онлайн құрбан шалу рәсімдері үш күн бойы санитарлық талаптарға сәйкес «Бозарық Халал» қасапханасы мен қаланың төрт аудандық  мешіттерінде қызмет көрсетілуде. Мұнымен қатар, айтулы күндері діни ақпарат алу үшін Шымкент орталық мешіті жанындағы «Call-Center»   орталығы  (+7708 478 48 72) жұмысын жалғастырды.

Жалпы, қала бойынша 88 мешіттің барлығына айт намазы жоғары деңгейде өткізілді. Айт намазға келген жамағаттың көңіл-күйі өте жоғары екендігін айта кеткен жөн. Құрбан айт құтты болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38