Бүгін Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімі ұйымдастыруымен жастардың діни танымдығы арттыру мақсатында кездесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты: студенттерге экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу және жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру. Жастармен кездесуге Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешітінің бас имамы Бердалы қажы Жәміш арнайы қатысып, жастарға дәріс оқыды. Бұл шара тұрақты жалғасын табуда.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі