Шымкент қаласы, Абай ауданы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінде Ислам – ынтымақ пен бірлік діні жылы аясында «Шейх Мұхаммед Садық» мешіті мен «Қождан ата» мешітінің әйел-қыздар жамағаты ауызашар дастарханында бас қосып, мұсылмандық бауырмалдықты арттырды. Наиб имам Нұржан Ескендірұлы әйел-қыздар жамағатына алғысын білдіріп, ынтымақ пен бірлік туралы уағыз-насихат жасады. Сонымен қатар екі мешіттің әйел-қыздар діни сауат ашу курстарының ұстаздары да шәкірттеріне уағыз-насихат айтып, ақ жаулықты аналар ақ батасын беріп ризалық білдіріп тарасты.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі