ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмыстарының бірі һәм бірегейі – уағыз-насихат бағыты екені белгілі. Осы бағыттағы жұмыстар жан-жақты жүргізіліп келеді.
Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы шаһардың бас мешітінде тарауих намазы алдында уағыз айтып, барша жамағатты қасиетті Рмазан айының қадір-қасиеттері жөнінде түсіндіріп берді.
Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша тіркелген 88 мешіттің барлығында кешкі Құптан, тарауих намазында түрлі тақырыптар негізінде уағыз-насихат жұмыстары жүргізіліп келеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі