Бүгін, қасиетті Рамазан айының жетінші күні Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық жалғасын табуда.
Бүгінгі қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы орынбасары Нұржан Қасымбеков, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшілері Айбек Азимбаевтар қатысып, үлестірді.
Қайырымыдылық шараларды өткізу үшін әрі алушыларға оңтайлы болғаны үшін қала бойынша 5 орын көмек беру орталығы болып белгіленді.
Бүгінгі қайырымдылық шараға қолдау көрсеткен кәсіпкер азаматтарымызға Алла ниеттерін қабыл етсін!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі