Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігі тарапынан «Рамазан айында дүкендерде арақ-шарап сатылмасын» атты үндеуге қолдау шарасы ұйымдастырылуда.
Игі шараға мешіт имамдары мен зиялы қауым өкілдері және Жастар ұйымының өкілдері қатысуда. Жалпы, осы бастама барлық уақыттарда қолдау тапса екен деген үлкен ниет бар.
Айта кетсек, таяуда Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы белгілі асабалар бірлескен шарада салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұрпақ амандығы мен тәрбиесіне байланысты Шымкент қаласын рухани тұрғыдан «Шымкент — арақ-шараптан ада шаһар» атты игі бастамаға жария етілген болатын.
Үндейге үн қосайық ағайын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі