Шымкент қаласының орталық мешітінде әйелдер жамағатының арасында «Берік бауырластық» атты іс-шара өтті. Ардақты пайғамбарымыз «Мүминдер – бірін бірі жуған қол тәріздес» демекші. Жаңа келген шәкірттер мен Құран оқуда ілгерілеген шәкірттер арасын жарастырып , жаңа келгендердің әр қайсысына Құран оқи алатындарға жәрдемдесулері үшін міндеттелді.
Бұл мірдеттің ішіне әуелі мешіт дәрістеріне көмектесу. Онымен қатар моральдік, мотивациялық, ақыл-кеңес беру, әр намазында бауырына дұға ету, мүмкіндігі болса материалдық көмегін де беру ұсынылды.
Шәкірттер өз қамқоршыларын тауып бір-бірін сыйлық берумен қуандырды. Бауырмашылдықтың нәтижесіндегі сезімдерімен бөлісіп, бір-біріне дұға тілектерін білдірді.