С: Ұмрадағы тәртіп бұзушылықтар мен олардың жазалары қандай?

Ж: Олар төмендегідей:

1.     Ихрам орануды миқаттан өткеннен кейін орындаса мал союы уәжіп.

2.     Егер ұмра тауабын дәретсіз не жүніп күйінде, егер әйел болса етеккірлі не нифас күйінде орындаса бір мал союы тиіс. Қанның аз не көп болуы, сондай-ақ, адамның дәретсіз не жүніп болуы арасында айырмашылық жоқ, осы күйлерінде бір айналым айналса мал союы керек.

3.     Шашын Сафа мен Маруа арасындағы жүгірістен бұрын қысқартса не алса мал шалуы тиіс.

4.     Ұмра жасаушы шашын харамнан тыс жерде алса не қысқартса мал шалуы керек болады.

Ескерту:Ұмра ихрамы жағдайына байланысты тыйымдарды бұзу жазалары алдыңғы бөлімдерде айтып өткен қажылықтағы ихрам тиымдарын бұзу жазаларымен бірдей.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38