С: Қажылық айларына қай айлар жатады?
Ж: Қажылық айларына шәууал, зул-қағда, зул-хижжа айлары жатады.
С: Қажылық амалдарының зул-хижжаның бес күнінде тақарылатынын білдік. Ал енді бұл айдың алдындағы шәууал мен зул-қағда айларының қажылық айлары болып есептелуінің сыры не?
Ж: Бұл екі ай қажылық үкімдерінің кейбіріне байланысты болғанына орай қажылық айлары болып есептеледі. Мысалы, алыстан келуші ұмраға шәууал айынан бұрын ниет етіп, ихрам кисе сол ұмрасын тәмәттуғқа ұластыра алмайды. Сол сияқты, егер қажылыққа шәууал айынан бұрын ихрам киюі мәкруһ болып есептеледі.
С: Шәууал, зул-қағда айларының бірінде ұмра жасап, еліне қайтып, сонан соң қажылыққа келсе бұл тәмәттуғ үкіміне кіре ме?
Ж: Бұл жағдайда тәмәттуғ иесі болып есептелмейді. Өйткені тәмәттуғ дегеніміз екі ғибадаттан бір сапарда орындау. Ал, егер еліне барып келсе, екі сапарға айналып, тәмәттуғ шарты бұзылады.