Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бүкіл адамзат баласы мен жындарға пайғамбар ретінде таңдап жіберген соңғы пайғамбары болып табылады. Атамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз с,а,с рабиул-әууәл айының 12-жұлдызында дүйсенбі күні түнде, таңға жақын Мекке қаласында дүниеге келді. Тарихшылар бұл күнді милади жыл санағы бойынша 571 жылдың сәуір айының 20-сына дәл келетінін баяндаған. Пайғамбарымыз дүниеге келмей уақытта бірнеше ай бұрын әкесі Абдуллаһ, алты жасында анасы Әмина қайтыс болды. Сегіз жасына дейін атасы Абдулмутталибтің қолында болып, атасы қайтыс болған соң көкесі Әбу Тәліптің қасында болды. Жиырма бес жасында алғаш Хадиша анамызға үйленді. Одан туған тұңғыш баласының аты Қасым болатын. Қырық жасында бүкіл адамзатқа және жындарға пайғамбар болды. Пайғамбарымыз Мұхаммед с,а,с 632 жылы рабиул-әууәл айының 12-сінде дүйсенбі күні сәскеде 63 жасында дүниеден өткен.
Алла тағала «Қалам» сүресінің төртінші аятында «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің»,- деп пайғамбарымыз Мұхамметті сипаттаған. Ал, Айша анамыз р.а. Алла елшісінің с.ғ.с. мінез-құлқын: расында Алла елшісінің с.ғ.с. мінезі – ол құран болатын деп, қысқаша баяндаған. Анас р.а. Мен Алла елшісіне он жыл қызмет еттім. Ол кісі ешбір «ух» деп те айтпады. Істеген ісіме: неге олай еттің деп, ал тастап қойған шаруама: неге істемедің, деп бір рет те кейімеді,-дейді. Алла елшісі көптеген ауыр шайқастың бас аяғында болды. Ауыр шайқаста нағыз батырлар да, жау жүрек жауынгерлер де талай қашты. Тек ол кісі ғана тапжылмай тұратын. Шайқастан бір рет болса да қашпаған, кері шегінбейтін батыр болмайды. Тек ол кісі ғана бір рет те, бір адым жасап та шегінбеген. «Ухуд» шайқасында ардақты пайғамбарымыздың с.ғ.с. алдыңғы тісі сынып, жүзі қанға боялады. Екі дүние сұлтанының бұл халі сахабалардың жанына қатты батты. Сахабалар: мүшриктерге дұға (қарғыс) жасаңызшы, деп жалбарынды. Сонда әз пайғамбар с.ғ.с. «Мен қарғыс айтушы етіп жіберілген жоқпын. Мен жақсылыққа шақырушы және мейірім етіп жіберілгенмін. Аллаһым! Менің елімді тура жолға сал, расында олар не істеп жатқанын өздері білмейді», деп меккеліктерге қайырлы дұға жасады. Бұл көріністегі аса кешірімшілдікті, көркем мінез және сабыр мен жұмсақтықтың жоғары екендігін аңғарымузға болады. Өзіне қару көтеріп, тісін сындырған мүшриктердің жауыздығына үнсіз жауап берсе де болады. Алайда пайғамбарымыз керісінше, оларға жаны ашып, мейірімділік танытып жақсылық тілеп дұға етті. Бұған қоса бар мейірімін көрсетіп, жауласып жүрген меккеліктерге «менің елім» деп, «расында білмейді» деп оларға кешіріммен қарады. Адамзат баласы соққыға жығылғанда, жұмсақтық таныту өте ауыр іс. Тіпті мүмкін емес десек артық айтпағам болармыз.
Пайғамбарымыздың заманыңда мұнафиқтар түрлі амалдармен пайғамбарымызға отбасына, мұсылмандарға әр-түрлі пиғылдарын көрсететін. Мұның барлығына пайғамбарымыз кешірімен қарайтын. Мұнафиқтар мұсылманбыз деп айтқанымен іштерінде екі жүзді еді. Мұнафиқтардың әрекетінен шаршаған кейбір сахабалар оларды өлтірейік, деп де айтқан. Бірақ пайғамбар жұрт Мұхаммед өз адамдарын өзі өлтіріп жатыр, деген сөз болмасын, деп басу айтатын. Сүйікті пайғамбарымыздың с.ғ.с. ерекше жұмсақтығының тағы бірі пайғамбарымыз с.ғ.с. мұсылмандарға садақа үлестіріп жатқан болатын. Бір уақытта бір кісі: әділ бол! Мынау бөліс Алла ризашылығын ниет еткеннің тірлігі емес, деп қатты қатты сөздер айтты. Пайғамбарымыз с.ғ.с. оған: Мен әділ болмағанда кім әділ болмақ?! Әділдік етпесем қор болғаным ғой, деген жауаптан артық сөз айтпады. Әлігі наданның сөзін естіген сахабалар өлтірмек болып түрегелгенде пайғамбарымыз барлық сахабаларды тиып тастаған болатын. Мұсылмандар анасы Айша р.а. Пайғамбар ешқашан қарны тойып ас ішпеген. Мұнысын кісі баласына айтып шағынданбайтын. Ол кісіге байлықтан кедейлік артық еді. Түндерді аш қарын болып тиләуат етіп өткізіп, таң ертең ниет етіп аузын бекітетін. Егер қаласа Раббысынан дүниенің қазынасын, оның жемістері мен молшылығын сұрар еді. Мен оның жағдайын көріп мейірімнен көзіме жас алатынмын, аш қарнын алақанымды тигізіп, жаным сізге құрбан болсын, сізге ас болатын бір нәрсе тапсам болар еді, дейтінмін. Ол кісі: ей, Айша! Менің бұл дүниеде не шаруам бар. Елшілерден болған үлкен сабырлық танытқан бауырларым бұдан да ауыр сынаққа сабырлық еткен. Сол күйлерінен танбаған. Сол қалыпта Раббыларының құзырына кеткен. Алла тағала оларды қадірлеп, сауаптарын мол етті…», деп жауап берген екен. Алайда, ол кісі қаласа дүниенің нығметі алдына дастархан болып жайылар еді
Пайғамбарымыздың с.ғ.с. құлшылыққа берілуі ерекше еді. Әбу Һурайра р.а. риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз с.ғ.с. «Егер мен білетін нәрсені білетін болсаңдар, әлбетте аз күліп көп жылар едіңдер», деп айтқан екен. Алла елшісі с.ғ.с. бір сөзінде: «Шын мәнінде мен сендер көрмейтін дүниені көремін, естімейтін нәрсені естимін. Аспан иіліп тұр, оның илілетін жөні бар. Онда әр сүйем орында Алла үшін сәжде еткен періште бар. Уаллаһи, егер сендер мен білетін нәрсені білсеңдер әлбетте аз күліп көп жылайтын едіңдер. төсекте әйелдеріңмен жата бермей, биіктерге шығып Аллаға еңіреп жылар едіңдер», деген екен. (Термизи, зуһд, 2312)
Сөзімізідің соның былай қортыңдыласам егер біздер пайғамбарымыз Мұхаммед с,а,с көркем мінез үлгілерін дәріптеп, иманымыздың кәмілдігін пайғамбарымыз және сахабалар секілді іспен көрсете білсек және оны өмірлік дәстүрге айналдыра алсақ, төрткүл дүниенің түкпіріне тарыдай шашылған адамзат баласының исламға деген махаббатың арта түсірерміз.
Тойшиев Әділбай Ергешбайұлы Шымкент қаласының «Саяси қуғын – сүргін құрбандары» мешітінің имамы.