С: Шашты алып болған соң бұл құрбандық күні басқа да амал орындай ма?

Ж: Иә, оған зиярат тауабын орындау парыз. Уақыты құрбандық күні таңнан бастап үш күн, яғни он екінші зул-хижжа күнінің ақшамына дейін. Бірақ, ең дұрысы құрбан шалу күні тауап ету. Шашын алып не қысқартып болған соң Бәйтуллаға келіп жеті рет тауап жасайды. Осы тауапты аяқтаған соң оған әйелдер халал болады.

С: Бұл тауапта алғашқы келу тауабында жасаған істерді қайталай ма?

Ж: Алғашқы келу таубында Сафа мен Маруа аралығында жүгірмеген болса зиярат тауабынан кейін жасайды. Сонда зиярат тауабының алғашқы үш айналымында тезірек жүреді. Ал, ихрам киімін сол иығына лақтырудың қажеті жоқ, өйткені ол шашын алған соң ихрам жағдайынан өтіп, тігілген киім киген.

С: Зиярат тауабын аталған үш күннен кейінге кешіктірсе не болады?

Ж: Зиярат тауабын зул-хижжаның он екісі күні күн батқан соң жасағанға Әбу Ханифаның пікірі бойынша құрбандық шалу керек. Ал, Әбу Юсуф пен Мұхаммед кешіктіргеніне ештеңе етпейді деген.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38