С: Қағбаны тауап етіп жүргендердің ихрам киімдерін сол иықтарына тастап, оң иықтары ашық күйде тездетіп жүргендіктерін көреміз. Бұлардың үкімі қандай?
Ж: Шариғатта идтибағ деп аталатын бұл рәсімді жасау Қағбаны тауап еті, Сафа мен Маруа таулары арасында жүгіретіндер үшін сүннет. Алғашқы үш айналымында тез жүруі керек. Ал, оң иығын ашып, жоғарғы ихрамнан сол иығына тастап жүру үлгісін тауаптың барлық айналымдарында сақтайды. Келу тауабын жасаушы Сафа мен Маруа арасында жүретін болса, тауап кезінде жүрдек жүріп, ихрам киімін сол иығына тастап жүреді. Ал, егер Сафа мен Маруаға бармайтын болса олай жасамайды. Ұмра жасаушы аталған екі істе де орындамайды. Өйткені оған тауаптан соң Сафа мен Маруаның арасында жүгіру керек.
С: Тауапта тез жүргенде қалай жүреді?
Ж: Тауапта құдды майдан даласында жекпе-жекке шыққан екі иығын селкілдетіп тездетіп жүреді.
С: Ал, оң иығын ашып жүру қалай болады?
Ж: Ихрам киімінің оң қолтығындағы тарапын шығарып, екі ұшын сол иығына тастап, оң иығын ашып жүреді.