Жуырда ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті мен «Шымкент» медресе колледжінің ұйытқы болкуымен «Сүннетке отырғызу – сүннет амал және тән тазалығы» атты қайырымдылық шарасы өткізілді.
Дәстүрлі қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері мен Жастар ісі секторының өкілдері қатысты.
Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының игі телігін жеткізіп, сүндеттеу шарасының маңыздылығына тоқталды. Қайырымдылық шара негізінде ұйымдастырылған шара барысында көпбалалы және мүмкіндігі жоқ отбасы мүшелерінің балалары тегін сүндеттелді. Бұл шара апта сайын жалғасын табуда.
Игі шараға қаржылай қолдау көрсеткен азаматтарға Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі