Бүгін, қасиетті жұма күні Шымкент қаласы, Абай ауданы «Дін Ислам» мешітінде ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Берекелі Тайқазан» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев және «Дін Ислам» мешітінің имамы Нұрлан Нұрмуғанбетовтің бастамасымен қолға алынып, жағдай төмен көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеті таратылды.
Сондай-ақ, игі шара барысында Дін Ислам» мешітінің имамы Нұрлан Нұрмуғанбетов көмек алушыларға уағыз айтып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың ыстық сәлемін жеткізді.
Осы тұста, игі шараға қаржылай қолдау көрсеткен жеке кәсіпкер Бауыржан Молдабаев мырзаға Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі