Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ақпарпаттық-коммуникациялық орталығында қасиетті Құрбан айт мерекесіне байланысты арнайы БАҚ өкілдеріне брифинг ұйымдастырылды.
Брифинг жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов пен найб имамы әрі баспасөз қызметінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров қатысып, Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің және ҚМДБ Құрбан айтқа байланысты талаптары мен ережелері жан-жақты түсіндірілді.
Сондай-ақ, брифингте Шымкент қаласының «қызыл» аймаққа етуіне байланысты мешіттердегі діни рәсімдердің уақытша тоқталғандығы туралы баян етті. Мұнымен қатар, Құрбан айтта азық-түлік, мал бағасын жөнсіз көтермеу туралы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің үндеуі таныстырылды. Және айтулы күндері мал шалуға ниет еткендер азаматтар алдын ала онлайн ҚМДБ тарапынан құрылған www.qurban2021.kz сайты арқылы тапсырыс беруге болатындығын айрықша атап өтті.
Жалпы, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Брифингке жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік», «Отырар», «Нар тв» телеарналары мен газет, журналдардың тілшілері, блогерлері қатысты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі